«Игілік» КММ КК су және жылу энергиясының бағасын төмендететін жаңа жобасын таныстырды.

«Игілік» КММ КК су және жылу энергиясының бағасын төмендететін жаңа жобасын таныстырды.

Талас аудандық электр станциясының тарапынан электр энергиясының тарифі жыл сайын қымбаттауда. Аталмыш жағдай жылу энергиясы мен ауыз су бағасының шарықтауына әкеліп соғады. Сонымен қатар, аймақтағы әлеуметтік шиеленісті де жоғарылатады.

Осыған орай, өндірілетін су және жылу энергиясының бағасын тұрақты ету үшін орталық қазандық аумағына TEDOM CENTO 530 когенерация құрылғысын орнату бойынша пилоттық жоба жасалды. Бір модульді орнатуға кететін номиналды газ шығыны 138 сағ/м³ құрайды. Бұл пилоттық жоба жергілікті атқарушы органдардың келісімімен және Жамбыл облысы әкімдігінің тікелей бақылауымен жасалды.

Когенерациялық құрылғының ұтымды тұстары көп және құрылғы электр энергиясын аз жаратады. Айта кетейік, "Игілік" КММ КК келесі жылыту маусымына толықтай дайын. Жобаны іске асыру үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ газ тарату желілеріне техникалық шарттарды беруге өтінім жасалды.