
Ағымдағы жылдың 16 маусым күні «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары қоршаған ортаны қорғау және туған өлкенің тазалығын сақтау бағытында кезекті еңбек жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жастар қоғамдық орындар мен көшелердің тазалығын қамтамасыз етуге атсалысып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысты.
Еңбек маусымына тартылған жастар қоршаған ортаға жанашырлық танытып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, олар қоғамдық аумақтарды қоқыстан тазалап, жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарын атқарды.
Мұндай шаралар жастардың еңбекке деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға және туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайтуға ықпал етеді. «Жасыл ел» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып жатқан жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, өңірдің көркеюіне және экологиялық ахуалдың жақсаруына үлес қоса бермек.