МОБИЛЬДІК ТОП МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

МОБИЛЬДІК ТОП МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ұлбике ақын атындағы Мәдениет үйінде Талас ауданы әкімінің №05-58 өкіміне сәйкес құрылған мобильдік топ мүшелерімен кездесу өтті.

Аталған мобильдік топ құрамына прокуратура, полиция бөлімі, білім саласы, емхана, ауылдық округ әкімдері және Отбасын қолдау орталығы қызметкерлері енгізіліп, жалпы 229 адам Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркелді.

Кездесудің мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтап, оларға қолдау көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.

Іс-шара барысында Талас ауданы әкімінің орынбасары Дәулет Төлендіұлы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанаева Гүлдана Шералиевна және Отбасын қолдау орталығының директоры Пірман Кендия Тәшімқызы өз пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар, Отбасын қолдау орталығының мамандары атқарылып жатқан жұмыстар туралы таныстырып, мекеме басшылары мен мамандары өзара тәжірибе алмасты.