
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Талас ауданы Шәкіров ауылында соғыс ардагері Шалхарбайұлы Әбілқаш атаның 100 жылдығын еске алуға арналған волейболдан аймақтық жарыс өтті.
Тартысқа толы өткен жарыста командалар жоғары дайындықтарын көрсетіп, көрермендерге әсерлі ойын сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орын — Аққұм ауылы
2 орын — Ойық ауылы
3 орын — Шәкіров ауылы
Жүлделі орын алған командалар кубок, медаль, грамота және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Осындай игі шаралар ел бірлігін нығайтып, жастарды спортқа баулуға үлкен үлес қосады.
Ұлы Жеңістің рухы мәңгі жасасын!