
Бүгінде Конституция азаматтардың құқықтарын қорғауды басты орынға қойып отыр. Әр адам өз құқығын қорғауға еркін мүмкіндік алды, ал мемлекеттік органдардың жауапкершілігі күшейтілді. Конституциялық Соттың жұмысы арқылы қарапайым азаматтар да заңның әділ орындалуына ықпал ете алады.
Сонымен қатар, Парламенттің рөлі артып, заң шығару процесі ашық әрі халыққа жақын бола түсті. Жергілікті басқару жүйесі дамып, тұрғындардың өз аймағындағы мәселелерді шешуге қатысуы кеңейді. Бұл – халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
2026 жылғы Конституция қағидаттары елдің тұрақтылығы мен дамуына негіз болып отыр. Ол – Әділетті Қазақстан құру жолындағы басты тірек, халық пен билік арасындағы сенімді нығайтатын маңызды құжат