Құқықтық сауаттылық – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық сауаттылық – қоғам тұрақтылығының негізі

 

Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте оқушылар арасында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық білімін арттыру, олардың заң алдындағы жауапкершілігін терең түсіндіру және тәртіпке баулу болды.

Кездесу барысында Талас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, атап айтқанда ҚҚБ ЮПТ инспекторлары Б. Алтай мен Ш. Талғат қатысып, оқушылармен ашық форматта пікір алмасты. Инспекторлар өз сөздерінде құқықтық сауаттылықтың қазіргі қоғамдағы маңыздылығына ерекше тоқталып, әрбір азаматтың заң талаптарын білуі мен оны сақтауы ел тұрақтылығының негізгі кепілі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, олар жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері туралы айтып, оның салдары мен жауапкершілігі жөнінде нақты мысалдар келтірді. Оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсіну жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың қоғамдағы өз орнын дұрыс түсінуіне және заңға құрметпен қарауына үлкен ықпал ететіні сөзсіз.

Қорытындылай келе, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың саналы, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуына негіз қалайды.