2026 жылғы 25 сәуірде «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі Жамбыл облысы, Талас ауданында өтеді.

2026 жылғы 25 сәуірде «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі Жамбыл облысы, Талас ауданында өтеді.

 Іс-шара өңірді Грейг қызғалдағының отаны ретінде танытуға және биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған.

Фестивальде «Қымызмұрындық» рәсімі, қолөнер көрмесі, жәрмеңке, ұлттық ойындар мен концерттер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Нидерланд Корольдігі тарапынан 40 000 қызғалдақ тұқымы сыйға беріледі.

Бұл шара туризмді дамытуға және халықаралық мәдени-ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.