«ЕЛТАНУ» АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ ТАЛАС АУДАНЫНДА

«ЕЛТАНУ» АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ ТАЛАС АУДАНЫНДА

 

«Игілік» көпсалалы кәсіпорын ұжымымен «Елтану» ағартушылық жобасы аясында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Мамашев Қуаныш Абдрахманұлы, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Жинақбаева Мубарак Қасымқызы қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға «Елтану» ағартушылық жобасының негізгі мақсаттары мен маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, этносаралық келісімді нығайту, қоғамдағы бірлік пен ынтымақ құндылықтарын дәріптеу, жастар арасында патриоттық сананы қалыптастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Кездесу барысында ұжым мүшелері өз пікірлерін білдіріп, өзекті мәселелер бойынша ашық диалог алаңы қалыптасты. Жоба аясында ауданда жүргізілетін профилактикалық жұмыстар мен алдағы жоспарлар нақтыланды.