Шаңырақ – отбасы бақытының бастауы» атты тағылымды кездесу кеші

Шаңырақ – отбасы бақытының бастауы» атты тағылымды кездесу кеші

 

Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Талас аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің ұйымдастыруымен 17 наурыз – Шаңырақ күніне орай «Шаңырақ – отбасы бақытының бастауы» атты мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор кездесу кеші жоғары деңгейде өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ұлттық дәстүр мен салт-сананы кейінгі буынға үлгі ету болды.

Кездесу кешіне бала тәрбиесінде өнеге көрсетіп, қоғамда өзіндік орны бар, көпке үлгі болып жүрген өнегелі Даулбаевтар және Иманали отбасы арнайы қатысып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен, отбасыдағы тәрбие, сыйластық пен бірлік туралы ойларымен бөлісті. Қонақтар отбасының берекесі – өзара түсіністік пен құрметте екенін атап өтіп, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін тағылымды әңгімелер айтты.

Шара барысында ұлттық рухты көтеретін, жүрекке жылу сыйлайтын «Шаттығымсың», «Қазағымсың» әндері орындалып, кештің ажарын аша түсті. Өнерлі отбасылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кеш қонақтары мен қатысушылары ерекше әсер алып, рухани байып қайтты.

Сонымен қатар, шара барысында отбасы құндылықтарына байланысты сұрақ-жауап, пікір алмасу сәттері ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Мұндай кездесулер жас буынға үлгі боларлықтай маңызды тәрбие көзі екені анық байқалды.