Анти-Хейт»: жаңа Конституция жобасы төңірегіндегі сын-пікірлерді талдау

Анти-Хейт»: жаңа Конституция жобасы төңірегіндегі сын-пікірлерді талдау

Анти-Хейт»: жаңа Конституция жобасы төңірегіндегі сын-пікірлерді талдау
Бағдарлама қонағы — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мурат Абенов

«Анти-Хейт» — бұл жаңа Конституция жобасына қатысты қоғамда тараған резонансты жарияланымдар, әлеуметтік желідегі жазбалар мен пікірлерді сабырлы түрде, нақты деректерге сүйене отырып талдайтын ақпараттық-түсіндіру жобасы. Қоғамдық талқылау күшейген кезеңде шынайы ақпаратты манипуляциядан, қате түсініктер мен жалған мәліметтерден ажырату аса маңызды. Жобаның басты мақсаты — күрделі құқықтық мәселелерді қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу.

Әр шығарылымда қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырыптар қарастырылады. Әсіресе, көпшіліктің сұрағын тудырған немесе сынға жиі ұшыраған мәселелерге ерекше назар аударылады. Подкаст форматы тек мәселені көтеріп қана қоймай, оны құқықтық тұрғыдан жан-жақты түсіндіруге мүмкіндік береді.

Бағдарлама қонағы — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мурат Абенов. Сұхбат барысында жаңа Конституция жобасына қатысты айтылған негізгі сын-пікірлер талданып, даулы тұстарға түсіндірме беріледі және жобада нақты қандай бастамалар ұсынылып отырғаны кеңінен баяндалады.

«Анти-Хейт» жобасы қоғамда сындарлы диалог мәдениетін қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық үдерістерге деген сенімді нығайтуға бағытталған. Ашық әрі әділ талқылау – саналы шешім қабылдаудың және қоғам дамуының негізі.