Талас ауданының тұрғындарына референдумда өз учаскесін қалай білуге болатыны түсіндірілді.

Талас ауданының тұрғындарына референдумда өз учаскесін қалай білуге болатыны түсіндірілді.

 

Талас аудандық референдум комиссиясының төрағасы Мамадияров Ерік Қамбарұлы азаматтардың тіркелген жерінен тыс дауыс беру тәртібін түсіндірді.

«Егер 15 наурыз күні азамат өзінің тіркелген жерінен тыс жерде болатын болса, оған 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін өзінің учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке куәлігін көрсету қажет. Өтініш негізінде дауыс беру құқығын куәландыратын есептен шығару куәлігі (открепительный талон) беріледі. Бұл құжат референдум күні нақты орналасқан жері бойынша учаскеде дауыс беруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл де ала алады, бұл ретте сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді. Құжат жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді. Бір елді мекеннің шегінде басқа учаскеде дауыс беру үшін есептен шығару құжаттары берілмейді», — деп атап өтті Ерік Қамбарұлы.