
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалиция мүшелері, AMANAT партиясы Талас аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Докторбек Маселбеков, аудандық мәслихаттың төрағасы Қадірбек Садубаев, ақын Ү.Битенова, облыстық мәслихаттың депутаты Ж.Танкебаев және аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Ш.Миркурбанова спорт саласы қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуді Талас аудандық жалпыұлттық коалиция жетекшісі Докторбек Манатбекұлы жүргізді.
Кездесу барысында жалпыұлттық коалиция мүшелері Ү.Битенова, Ж.Танкебаев және Қ.Садубаев алдағы 15 наурызда өтетін Референдумның маңыздылығын айта келе спорт қызметкерлерін Жаңа Конституцияны қолдауға және дауыс беруге шақырды.
Жаңа Конституция – жаһандық үрдісте мемлекеттің бәсекелестігін арттыратын бірден бір құжат.