
Талас аудандық «Әділетті және Прогресивттік Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалиция мүшелері №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесті.
Аудандық коалиция жетекшісі, аудандық мәслихаттың депутаты Д.Маселбеков Жаңа Конституция жобасының негізгі басымдықтарын түсіндіре келе 15 наурызда өтетін Республикалық Референдумға қатысуға және қолдап дауыс беруге шақырды.
Жаңа Конституция бойынша дұрыс шешім қабылдау – азаматтық парызымыз. Елдің дамуын, келешек ұрпақтың өсіп-өнуін және ұрпақтың бостандығын нақты кепілдендіретін, қоғамда «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын қалыптастыратын саяси құжат.