
Республикалық халықтық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Қаланұлы Арубаев бастаған жұмысшы тобы Жаңа Конституцияның жобасы бойынша 15 наурызда өткізілетін Жалпыұлттық референдумды қолдау мақсатында Қаратау қаласындағы «Казфосфат» ЖШС «Шолақтау» ТКӨК ұжымымен кездесті.
Кездесуге облыстық, аудандық халықтық штаб мүшелері қатысты.
Кездесу барысында штаб мүшелері тарапынан Жаңа редакцияға Ата Заңның маңыздылығы түсіндіріліп серіктестік қызметкерлерін алдағы өткізілетін Жалпыұлттық референдумға белсене қатысуға және қолдау көрсетуге шақырды.