
Дүниежүзілік сайлау күніне орай ұйымдастырылған шараға аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, жас сайлаушылар клубының мүшелері мен Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің белсенді білімгерлері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасуы, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру, өскелең ұрпақтың бойында демократиялық ұстанымын қалыптастыру.
Дөңгелек үстел сұрақ-жауап, пікір алмасу форматында өткізілді.
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Г.Татимбетова қатысушыларға сайлау органдары, сайлау науқандарына қатысу маңыздылығы жөнінде қысқаша ақпарат беріп өтті. Жас сайлаушылар клубының мүшесі А.Булекбаева өткізілген колледж президенті сайлауының ұтымды тұстарына тоқталып, алда тұрған жоспарлармен бөлісті.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, сауалдарға Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы шеңберінде жауаптар берілді.