
Кездесудің басты мақсаты-жасөспірімдер арасында суық қаруды қолданудың алдын алу, құқық бұзушылықтың салдары туралы түсіндіру, заң талаптарын насихаттау, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Кездесуге Талас АПБ ЮПТ бастығы Алтай Бағлан Алтайұлы және инспекторлары қатысып, оқушыларға суық қаруды алып жүру мен қолданудың заң алдындағы жауапкершілігі, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға пайдалы ақпараттар беріліп, олардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды.
Бұндай кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.