Ербол Қарашөкеев Талас ауданының тұрғындарымен кездесті

Ербол Қарашөкеев Талас ауданының тұрғындарымен кездесті

 

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданының халқымен кездесуі өтті.

Басқосуда ауданның дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Ербол Қарашөкеев жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру екенін атап өтіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.

 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыстың экономикалық өсімі 10,2 пайызды құрады. Негізгі капиталға 491 млрд теңге инвестиция тартылды.

 Өңірдің инвестициялық қоржынында 2028 жылға дейін іске асырылатын, 6,3 мыңнан астам жұмыс орнын қамтитын 62 ірі жоба бар. Биыл құны 161 млрд теңге болатын 26 жоба жүзеге асырылып, 1,1 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жыл басынан бері 8 жоба (13,3 млрд теңге) іске қосылып, 184 адам жұмыспен қамтылды.

 Ербол Қарашөкеев қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтырудың, қылмыстың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шараларын күшейтудің маңыздылығын баса айтты. Сонымен бірге жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен әлімжеттік мәселелерін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

 Сұрақ-жауап бөлімінде тұрғындар газ тарту, қоғамдық көлік бағытын ашу, әлеуметтік көмек, қаңғыбас ит-мысықтарды аулау, спорт нысандарының құрылысы және көшелерді жарықтандыру мәселелерін көтерді.

Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы ірі өндіріс орындарының жұмысымен танысты.