
Құтқарушылар күніне орай аудан әкімі қатысуымен салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қызметтік борышын абыроймен атқарып, халықтың қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл марапат – олардың кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігінің, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен амандығы үшін жасап жүрген ерен еңбектерінің айғағы.
Барлық құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Ел тыныштығы мен халық игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз