Әбілқайыр Сатыбалдинді еске алуға арналған ашық облыстық турнир өтті

Әбілқайыр Сатыбалдинді еске алуға арналған ашық облыстық турнир өтті

 

18 қазан күні аудан әкімі қатысуымен қоғам қайраткері, ауданның құрметті азаматы Әбілқайыр Сатыбалдинді еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы жылдам шахматтан ашық облыстық турнир өтті.

Жарыс жас буынның шахматқа деген қызығушылығын арттырумен қатар, елге еңбегі сіңген тұлғаның жарқын бейнесін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Турнир жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.