Ақкөл ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен аудандық «Өнерлі отбасы» байқауы осы құндылықтарды дәріптеп, талант иелерінің мәртебесін көтеруге арналды.
Тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан таланттылар бәсекесіне 8 ауылдық округтен келген отбасылар қатысты. Үміткерлер таныстыру, өз өнерлерін көрсету және салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап кезеңдері бойынша өзара үздіктерді анықтады.