Қаратау қаласында отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам жасалды. Бүгін Талас ауданы әкімдігінің бастамасымен «Отбасын қолдау орталығы» салтанатты түрде ашылды.
Аталған бастама – Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат» тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Бұл – мемлекетіміздің отбасы институтын нығайтуға, әрбір азаматтың құқығы мен мүддесін қорғауға арналған жүйелі саясатының нақты көрінісі.
Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, Республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы арнайы қатысып, орталықтың ашылуы өңір үшін ерекше маңызды оқиға екенін атап өтті. Ол өз сөзінде берік отбасы – қуатты мемлекет кепілі екенін, жаңа орталықтың талай отбасына сенім мен қолдау сыйлайтынын жеткізді.