Тамыз айының үшінші жексенбісі - Спорт күні болып белгіленген. Елде спортты дамыту мен спорттағы жетістіктерді ынталандыруға арналған мереке 2004 жылдан бері аталып келеді.
Айтулы күн-түрлі деңгейдегі жарыстарда ел мерейін өсіріп жүрген спортшылармен қатар, салауатты өмір салтын таңдаған барлық азаматтарға ортақ.
Спорт күні мерекесіне орай Орталық стадионда ұйымдастырылған шара каратэ киокушин будокайдан жас спортшылардың арнайы әзірлеген көрсетілімімен ашылды.
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков спорт саласының дамуына үлес қосқан азаматтар мен байрақты бәсекелерде аудан намысын қорғап жүрген жас спортшыларды құттықтады.