Мемлекет басшысының бастамасымен дүниеге келген «Таза Қазақстан» жобасы бүгінде жалпыхалықтық сипатқа ие болды.
Аудан көлемінде жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемде сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға мекеме қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер мен тұрғындар белсене қатысты. Акция барысында көшелер мен аулалар қоқыстан тазартылып, қоғамдық орындар абаттандырылды. Қатысушылар ағаштарды әктеп, балақтап, жасыл желектерді күтіп-баптауға атсалысты. Бұл шара-қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті арттыруға және тұрғындарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндеуге бағытталған.