“Таза Қазақстан” жалпыхалықтық экологиялық акциясы аясында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау бағытында игі іс-шараның атқарылуына бастамашы болды. Аталған акция барысында орталық ұжымы «Жартас» көлінің айналасына тазалық жұмыстарын жүргізіп, сол аймақтың көркеюіне өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында көл маңындағы қоқыстар жиналып, тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға сұрыпталып салынды.