Талас ауданының әр салада жетістікке жеткен белсенді жастарына арналған оқыту-сауықтыру лагері өтті.
Оқыту-сауықтыру лагері ашылу рәсімінде Талас ауданының әкімі Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы мен Жамбыл облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, қоғам белсендісі Дастан Исламбек Дастанұлы құттықтау сөз сөйлеп, жастарға сәттілік тіледі.
Іс-шара барысында ауданның белсенді жастары арнайы марапаттарға ие болып, өнерпаздар керемет өнер көрсетті. Лагерь қатысушылары топтық таныстыру, түрлі танымдық ойындар мен шығармашылық сайыстарға қатысып, өзара достық байланысын нығайтты.