Аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының ұйымдастыруымен балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында саябақ алаңшасында спорттық жарыстар ұйымдастырды.
Асық ату, қалашық, секірмек секіру, кермеге тартылу, және ләңгі тебу спорт түрлері бойынша жасөспірімдер өзара мықтыны анықтады. Аталған спорт түрлері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом және медальдармен марапатталды.