Жабайы базар – тәртіпке шақырылды
Әлия Молдағұлова көшесі – Талас ауданы тұрғындары мен қонақтары жиі жүретін басты бағыттардың бірі. Соңғы уақытта бұл көшенің бойында рұқсатсыз сауда орындары көбейіп, жергілікті халық арасында «жабайы базар» деп аталып кеткен. Халықтың ұсынысы мен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде заңсыз сауданы ретке келтіру мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылды. Жұмысшы топтың құрамда Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Нысамбай Айдабосынов, Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің комиссия төрағалары Докторбек Маселбеков, Талғат Наржанов, Камила Коржыкова, Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің төралқалары Марат Серимов, Сулхадин Мустафаев, Талас аудандық прокуратура қызметкері Абзал Мұхаммеджан, Қаратау қаласының әкімінің орынбасары Руслан Өміралиев, аудандық ішкі-істер бөлімі, Талас аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, Талас ауданы бойынша салық басқармасы, Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, Жер қатынастары бөлімі, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мамандары бар.
Аталған мәселе бойынша үш рет қоғамдық кеңестің отырысы өткізіліп, зерделеу жұмыстары жүргізілген болатын. Зерделеу барысында жабайы базар аумағындағы сауда орындарының заңды және заңсыз орналасу жағдайы анықталды. Аталған шара барысында сауда иелеріне 10 күн уақыт мерзім берілген болатын. Белгіленген мерзім аяқталуына байланысты, қоғамдық кеңестің шешімімен жұмысшы топ қайтадан заң аясында тексеру жұмыстарын жүргізіп, заң аясында қағаз жүрінде ескерпе қағаздарын берді.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысында аталған мәселе талқыланып, іс-қимыл жоспары бекітілді. Артынша жұмысшы топ көшеде зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сауда орындарының иелерімен әңгімелесті. Санитарлық талаптарды сақтау және рұқсат етілген аумақта ғана сауда жасау қажеттігі түсіндірілді. Жауапты тұлғалар мен мамандардың бірлескен аралауы барысында ескерту шаралары қабылданып, көшенің тазалығы мен тәртібін қамтамасыз ету бағытында нақты қадамдар жасалды. Алдағы уақытта да жоғарыда аталған мәселеге байланысты тиісті жұмыстар жалғасын таппақ. Талас аудандық Қоғамдық кеңесі мен жауапты мекемелер бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратынын мәлімдеді.
Енді мақсат – бұл аймақты тек тазарту ғана емес, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі реттелген сауда алаңына айналдыру.
Қоғамдық кеңестің хатшысы Әлия ИСКЕНОВА