АКЦИЯ АЯСЫНДА «Кітаппен бөліс- біліммен бөліс!»

АКЦИЯ АЯСЫНДА  «Кітаппен бөліс- біліммен бөліс!»

 

     «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында Талас ауданында ерекше рухани бастама қолға алынды. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Кітаппен бөліс – біліммен бөліс!» атты аудандық кітап жинау акциясы жарияланған болатын.

    Бұл жоба – кітап оқу мәдениетін арттырып қана қоймай, оқырмандардың бір-бірімен рухани байланыс орнатуына жол ашады. Әрбір тұрғын өзі оқыған, жақсы күйдегі кітабын арнайы белгіленген орындарға тапсырып, өзгелермен бөлісе алады.

    Жиналған кітаптар аудан бойынша ұйымдастырылатын «Кітап бұрыштарына» қойылып, тұрғындарға тегін қолжетімді болады.

    Бүгінгі күнге дейін аудан көлемінен 20-ға жуық белсенді жас және ардагерлер атсалысып, 60-тан астам көркем және танымдық әдебиеттер жиналса, 500 килограмнан аса макулатура қайта өңдеуге тапсырылды.

    Жастардың мұндай игілікті іске үлес қосуы – олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін, саналы ұстанымын және биік азаматтық позициясын айғақтайды. Бұл акция 9 тамызға дейін  жалғасады.