Cоңғы екі жыл ішінде мәдениет пен өнер саласында айтарлықтай оң өзгерістер орын алды. Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, мәдениет қызметкерлерінің қуанышы еселей түсті. Қысқа мерзім ішінде: - музыкалық аппаратуралар; - сахна перделері мен жарық жүйелері (светомузыка); - сахналық кілемдер мен жолақтар (дорожка); - көрермен залының заманауи орындықтары; - әдістемелік бөлмеге жаңа жиһаздар (шкафтар); - үйірме қатысушыларына арналған орындықтар; - “Домбыра” үйірмесіне – домбыралар; - “Қолөнер” үйірмесіне – тігін машиналары, ағаш оятын аспаптар; - “Би” үйірмесіне – ұлттық би киімдері берілді.
Бұл игі бастамалар Талас ауданына қарасты барлық 16 ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарын қамтыды. Осындай жағдай жасалған соң, үйірмелерге деген қызығушылық артты, шығармашылыққа серпін берілді. Мәдени іс-шараларымыздың сапасы өсіп, облыстық, республикалық деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлделі орындармен оралып жүрміз. Ең бастысы – ауыл халқының ықыласы мен ризашылығы зор.