
Талас ауданында «Кітаппен бөліс – біліммен бөліс!» және «Ескі қағаз – игі іске!» акциялары басталды
2025 жылғы 24 шілде күні Қаратау қаласындағы Жастар ресурстық орталығының алаңында (Қонаев көшесі, 35) Халықаралық жастар күніне орай ашық аспан астында, Open Air форматында ерекше маңызы бар екі қайырымдылық акциясының салтанатты ашылуы өтті.
Шараның мақсаты – жастарды ізгілік пен жанашырлыққа тәрбиелеу, қоршаған ортаны аялау мен кітап оқуға баулу, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және қоғамдық белсенділікті қолдау.
«Кітаппен бөліс – біліммен бөліс!» және «Ескі қағаз – игі іске! / Тілек ағашына үміт тігіңіз» атты акциялар 24 шілдеден 11 тамызға дейін жалғасады. Бұл кезеңде кітаптар мен макулатура қабылданып, жиналған қаражат қайырымдылық мақсаттарға жұмсалатын болады.