
Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Тараздағы «Жеңіс» саябағындағы Данқ залында «Ей адамзат! Райхан гүлдер солмасын» атты патриоттық кеші өтті. Кеш Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған.
Патриоттық кеш аясында Талас ауданының соғыс және еңбек ардагерлеріне, ордендермен марапатталған тыл еңбеккерлеріне арналған фото-галерея жасақталып, көрме-инсталляциялар ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.
Кітапхана оқырмандары «Әдеби монтаж» форматында соғыс туралы өлеңдерін оқыды.