Мемлекет басшысының әскери қызметтің тартымдылығын арттыру жөніндегі тапсырмасы негізінде, биылғы жылы Отан алдындағы борышын өтеп келген 8 азамат жоғары оқу орнына мемлекеттік грант иегері атанды.
Грант иегері атанған Столяров Кирилл мен Қалдыбек Нұрдәулетті аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова мен Қаратау қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы, полковник Т.Мұстафаев арнайы қабылдап, сертификаттарын табыс етті.