Конституцияның 30 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында аудан көлемінде түрлі шаралар мен жиындар өтіп, тапсырманың орындалуы пысықталуда. Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, аудандық мәслихат төрағасы Кадірбек Садубаев және бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиынға төрағалық еткен аудан прокуроры Ж.Науатов құқық қорғау органдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға баға беріп, рақымшылықтың қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталып отырғанын алға тартты. Жиын барысында аудан прокурорының орынбасары Асылхан Еркінұлы, аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова және аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Мадияр Қожахметов жоғарыда аталған тапсырманың орындалу барысы туралы баяндап берді.