Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы бекіткен кестеге сәйкес, Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры Жандос Сейдахметов, УДЗ дәрігері Нұржан Бегімбаев, онколог-маммолог дәрігер Асхат Суанбеков өңірдегі онкологиялық жағдайды зерделеу мақсатында аудан орталығына іссапармен келді.
Аудандық емхананың медициналық қызметкерлерімен бірлесіп, жұмысшы топ онколог дәрігерлердің жетіспеушілігі, онкологиялық көмектің сапасы және онкологиялық қызмет көрсеткіштерінің орындалуы бойынша бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.
Сапар барысында жұмыс тобы емхананың тіркеу бөлімінің, смотровой кабинеттердің, онколог дәрігердің және скринингтік кабинеттердің жұмысымен танысты. Онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау жұмысына ерекше назар аударылып, онкологиялық сақтық қағидалары мен ерте анықтау алгоритмдері кеңінен түсіндірілді.