
Бас бәйге
Жерлестерімізде
Түркия елінің Анталия қаласында өткен Халықаралық өнер байқауында жерлестеріміз үлкен жетістікке қол жеткізіп, еліміздің мәртебесін үстем етті. “Танцуй всей душой” атты Халықаралық хореографиялық байқауға Грузия, Өзбекстан, Ресей, Түркия және Астана, Алматы қалаларының үздік ұжымдары қатысып, өзара бақ сынады. Өнер додасында би ұжымдары барлығы 104 би нөмірін ұсынды. Кіл мықтылар бақ сынаған осы байқауда Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының “HUSTLE DANCE” би үйірмесінің бишілері СУПЕР ГРАН-ПРИ жүлдесін жеңіп алып, өз өнерімен әлем жұртшылығын тәнті етті.