
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков ауданымызда мектеп бітірген үздік оқушыларды қабылдады.
Салтанатты қабылдауға аудандық мәслихаттың төрағасы Қадірбек Садубаев, аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова қатысты.
Жалпы биыл аудан мектептерін 471 оқушы бітірсе, соның ішінде 20 оқушы «Алтын белгі», 52 оқушы «Үздік аттестатпен» аяқтады.
Шара соңында түлектерге «Алтын белгі» салтанатты жағдайда табыс етілді.