
Бүгінде Қаратау қаласында «Ақжелкен», «Рахат-ай», «Керемет», «Нептун» сынды тұрғындар дем алатын бассейндер бар.
Күні кеше олардың қатарын «Заңғар» демалыс орны толықтырды. Қаланың батыс жағынан кіреберісіне орналасқан бұл нысанды қаратаулықтарға жақсы таныс Әбілдаевтар әулеті ашып, ел игілігіне ұсынып отыр.
«Заңғардың» қаратаулықтардың сүйікті демалыс орнына айналатынына жиналған көпшілік те тілеулестіктерін білдірді