МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ Майтөбе ауылында жоғары деңгейде өтті

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ  Майтөбе ауылында жоғары деңгейде өтті

 

 

Майтөбе ауылында «Ауыл-club» облыстық арт-тимбилдингі өтті.  Жалпы пилоттық жоба ретінде қолға алынған облыстық арт-тимбилдинг Талас ауданынан бастау алып отыр. Ондағы мақсат- атауы айтып тұрғандай ауылдық клуб меңгерушілерінің кәсіби шығармашылық деңгейін анықтау, олардың озық тәжірибелік жұмыстарын насихаттау, мәдениет қызметкерлерінің басын қосу арқылы мәдени демалыс ұйымдастыру, клуб меңгерушілеріне шығармашылық шабыт сыйлау болып табылады.

Екі күнге созылған ауқымды байқаудың ашылу салтанатына облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев арнайы қатысып, әр ауданның құрған киіз үйлерін аралап, аймақтардың өнеріне тән ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, әртістердің әзірлеген қойылымдарын тамашалап, өнердің асыл қазынасын ұлт руханияты деп таныған өнерпаздарға шығармашылық табыс тіледі.

     Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Талас ауданы жеңіп алды. 1-орын Байзақ ауданына бұйырса, 2-орынға Меркі ауданы лайық деп танылды. Ал, үздік үштікті сарысулық мәдениет қызметкерлері иеленді.