
Жамбыл облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде Талас ауданының 2025 жылғы әлеуметтік –экономикалық дамуының аралық қорытындыларына арналған брифинг өтті.
Брифингте аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, тұрғынүй, инвестиция, шағын және орта бизнес, инфрақұрылымдық құрылыс сынды салалардағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына тоқталды.