Аққұмдағы спорт аламаны

Аққұмдағы спорт аламаны

 

     Аққұмдағы «Абзал» шаруа қожалықтың бастамасымен ұлттық спорт ойындарынан жарыс 2011 жылдан өткізіліп келеді. Шара спортқа икемі бар ауыл жастарының ғана емес, бүгінде еліміздің әр өңірінен келген спортшылардың басын қосқан айтулы бәсекеге айналды.

     Биылғы жарыс аламан және құнан бәйге, қошқар көтеру, гір тасын көтеру, жаяу жарыс, арқан тарту сынды спорт түрлері бойынша өтті.

Биылғы жарысқа Түркістан облысы және Шымкент қаласынан бастап, Меркі, Т.Рысқұлов, Жамбыл, Жуалы, Сарысу, Қордай аудандарымен қатар, Талас ауданының ауылдық округтерінен 150-ге тарта спортшы қатысты.

     Жарыс соңында спорт түрлері бойынша тұғырдан көрінген спортшыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.