Эспарцет - құнарлы мал азығы

Эспарцет - құнарлы мал азығы

 

    Қаратау ауылдық округінің «Шәңке» шаруа қожалығы бүгінде тірлігі бір арнаға түскен, жұмыстың көзін тапқан ұжымдардың қатарында. Қожалық таулы аймақта біраз жылдан бері жоңышқа тақілеттес құнарлы мал азығы эспарцет шөбін өсірумен айналысып келеді.

    Қажетті техникалармен қамтамасыз етілген шаруа қожалығы бүгінгі таңда 100 гектарға жуық алқапта ору жұмыстарын жүргізді.