Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев 2025 жылдың соңына дейін барлық қала мен ауылдарды 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырма жүктеген болатын.
Президент тапсырмасына сәйкес, құрылысы аяқталған Сейілбек пен Қожағаппар елді мекендері ауыз су желісіне қосылды.
Ауыз су құбыры желісінің іске қосылуына орай аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков және аудандық мәслихаттың төрағасы Қадірбек Садубаев ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасып, ізгі тілектерін білдірді. Өз кезегінде ауыл қариялары тұрғындар атынан ризашылығын жеткізіп, салтанатты жағдайда жаңа нысанның лентасын қиды.
Сондай-ақ, бұл күні Тамды ауылдық округінде заманауи үлгідегі спорт кешені пайдалануға берілді. Спорт кешенінің ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, облыстық мәслихаттың депутаты ЖұмаханТанкебаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Қадірбек Садубаев қатысып, ақ тілегін білдірді.