Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАМА

2021 жылғы 25 шілдеде Талас ауданының 4 ауылдық округтері әкімдерінің сайлау өтті.

Талас аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Талас ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Аққұм сайлау округі

Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 680 азамат енгізілді, олардың 625-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 15, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған - 6

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

А.Нұрболұлына– 37, Б.А. Ошақбаевқа -503, Н.Р.Төлегенге– 64.

Аққұм ауылдық округінің әкімі болып Ошақбаев Болатбай Арпабекұлы сайланды, 1962 жылы туған, Аққұм ауылдық округінің әкімі, Аққұм ауылдық округінің Аққұм ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

 

Бостандық сайлау округі

Бостандық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 898 азамат енгізілді, олардың 834-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 19, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған – 10.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

А.С.Жаксыбаевқа – 76, М.А. Рысдәулетовке - 635, Ж.Т.Туленбаевқа – 94.

Бостандық ауылдық округінің әкімі болып Рысдәулетов Мұратхан Әбдіқадырұлы сайланды, 1963 жылы туған, Бостандық ауылдық округінің әкімі, Бостандық ауылдық округінің Бостандық ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

 

Ойық сайлау округі

Ойық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1278 азамат енгізілді, оның 1157-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 29, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған - 13

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Д.Ж. Жанабекке – 161, Н.М.Мұхтаровқа - 885, С.Т.Таукееваға – 69.

Ойық ауылдық округінің әкімі болып Мұхтаров Нұржан Мұхтарұлы сайланды, 1975 жылы туған, Ойық ауылы мәдениет үйінің бөлім басшысы, Ойық ауылдық округінің Ойық ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

Қызыләуіт сайлау округі

Қызыләуіт ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 946 азамат енгізілді, олардың 872-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 21, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған - 12

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

А.С.Әбсадықовқа - 123, А.Е.Алжапбароваға – 72, Г.Т.Байкенжеевке - 644.

Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі болып Байкенжеев Ғарифолла Тоғайбекұлы сайланды, 1987 жылы туған, Қызыләуіт ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы, Қызыләуіт ауылдық округінің Қызыләуіт ауылында тұрады, Қазақстан Халық партиясы ұсынды.

 

Талас аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Талас ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

 

Дата публикации
26 июля 2021
Дата обновления
26 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

02 декабря 2025
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық  (аукцион) өткізу туралы хабарландыру
01 декабря 2025
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕР РЕЕСТРІ ТУРАЛЫ
01 декабря 2025
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы егістік жер учаскелерін конкурс арқылы беру туралы 2025 жылғы 28 қарашадағы жер комиссиясының қорытындысы негізінде конкурсқа қатысқан және жеңімпаз тұлғалардың тізімі

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты