2026 жылғы 12 шілдеде Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 754 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 463 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 25 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Тамды ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Момбеков Ришад Амирханович үшін сайлаушылардың 376 дауысы берілді.
Мырзамбетова Жанаргул Битамаевна үшін сайлаушылардың 63 дауысы берілді.
Төсбай Әбдіразақ Әбдіқалиұлы үшін сайлаушылардың 24 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 0.
Сайлау қорытындыларымен: Тамды ауылдық округінің әкімі болып Момбеков Ришад Амирханович сайланды. 1982 жылы туған, жұмыссыз, Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны.
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы