Бүгін Үшарал ауылдық округі Үшарал ауылында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті.
Ауыл әкімі әйелдер қауымы қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени және басқа да салалардағы жетістіктерімен еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға зор үлес қосып келе жатқанын, сондай-ақ дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі аналардың рөлін ризашылықпен ерекше атап өтті.
Шара барысында білім, мәдениет, денсаулық, байланыс және ауыл шаруашылығы салаларында қызмет етіп жүрген әйелдер қауымы ауылдық округ әкімінің Алғыс хатымен марапатталса, Үшарал ауылдық кітапханасының меңгерушісі Байдәуітова Камила Талас аудандық мәслихатының құрмет грамотасымен марапатталды.
Шараға қатысқан «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне ауылымыздың тумасы Жұмахметұлы Асылбектің демеушілігімен мерекелік сыйлықтар үлестірілді.
Салтанатты шара мәдениет үйінің ұйымдастырған «Қыз құрдас, жеңге сырлас» атты байқауы мен концерттік бағдарламаға ұласты.