Темір жол қауіпті аймақ

Темір жол қауіпті аймақ

Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Темір жол полициясы қызметкерлері тұрғындарымен кездесу өткізіп, «Темір жол – қауіпті аймақ» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында темір жолда жүру қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, темір жолды тек белгіленген өткелдер арқылы кесіп өту, темір жол бойында қараусыз мал жаю, пойыз қозғалысы кезінде қауіпсіз арақашықтықты сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі айтылды.
Темір жол – қауіпті аймақ. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әрбір азаматтың міндеті