Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

Амангелді атындағы орта мектебінде 14 ақпан күні "Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман, тек сенен есте қалған" тақырыбында "15 ақпан - Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылған күніне орай тәлімгер Э.Байдалиева және АӘД пәні мұғалімі Е.Әбдірахман оқушылармен кездесі өткізді. Кездесуге ауған соғысының ардагерлері: Ә.Бекбосынов және Ә.Саттеров шақыртылды. Іс шара барысында оқушылар өлеңдер оқып, әндер орындады. Ардагерлерге түрлі сұрақтар қойып, көптеген тарихи мағлұматтар алды.