2025 жыл 18 сәуір күні Көктал ауылдық округі тұрғындарына алаяқтықтан қорғану мақсатында алдын алу шарасы ұйымдастырылып, іс-шараны округ әкімі аппаратының бас маманы Хафиза Әбілда мен учаскелік полиция инспекторы Абитаев Рауан бірлесіп өткізді.
Түсіндіру жұмыстары барысында мамандар ауыл ішін аралап, тұрғындарға ақпараттық брошюралар таратып, сондай-ақ алаяқтықтың кең таралған түрлері мен одан сақтану жолдары түсіндірді.