22 шілде – автокөліксіз жүру күні

22 шілде – автокөліксіз жүру күні

Бүгін автокөліксіз жүретін күн. Жалпы көлік өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғалы қашан. Жұмысқа барсақ та, балабақша мен мектепке бала апарсақ та темір тұлпарды тізгіндейміз. Осы күнделікті мініп жүрген көліктен бір күнге болсын бас тарта аласыз ба?

"Birgemiz: Taza Alem" жалпыұлттық жобасын іске асыру шеңберінде "Автокөліксіз күн" челленджін ұйымдастырды. Яғни бүгін барлық отандастарымызды автокөлікті емес, басқа көлік құралдарын қолдануға шақырып отыр. Бір жерге бару үшін қоғамдық көлікті, велосипедті, самокатты пайдалануға үндейді. Ал мүмкіндік болса, жаяу жүргеннің денсаулыққа пайдалы екенін барлығымыз да білеміз.