
⚠️ Құрметті Аудан тұрғындары!
Жаз мезгілінде су айдындарында демалушылар саны артады. Осыған байланысты жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған орындарда суға түсу адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін ескертеміз.
❌ Белгісіз су түбі, қатты ағыс, құйындар және құтқару бекеттерінің болмауы қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.
🚫 Тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
2026 жылы айыппұл мөлшері - 30 275 теңге.
✅ Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін:
• тек рұқсат етілген орындарда шомылыңыз;
• балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
• мас күйде суға түспеңіз;
• судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
Өз өміріңізге бейжай қарамаңыз!
Төтенше жағдай туындағанда - 112 нөміріне хабарласыңыз.